ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

07 маусым 2025 418 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінің Дін мен дәстүр бағыты және Жастар ісі секторына жауапты мамандардың ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай балаларға қуаныш сыйлау мақсатында іс-шара өтті.

Балаларға балмұздақ сыйға тартып, баланың шынайы күлкісімен ризашылығын көру көзделді. Адам өміріндегі шынайлықтың символы, балалық шақта әр бала бақытты болуға лайықты. Қазақ халқында ежелден бала тәрбиесіне жіті мән беріп, баланы бес жасқа дейін ханындай сыйлап бар қамқорлығына алған. Ал, дінімізде де балаларға мейрімділік көрсетіге шақырады.

Құрбан айт – тек құрбан шалумен шектелмейтін, адамдар арасындағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыратын ерекше мейрам. Бұл күндері үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – исламның көркем үлгісі саналады. Әсіресе, балаларға қуаныш сыйлау, олардың жүрегіне жылулық ұялату – Құрбан айттың рухани мәнін тереңдете түседі. Осылар арқылы бала санасына имандылық, ізгілік, қамқорлық секілді қасиеттер сіңіріледі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру