ЖАМАҒАТТЫ РУХАНИ БІЛІМГЕ ЫНТАЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)
24 мамыр 2025
373
0
Оқу режимі
.jpg)
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде рухани білімге ынталандыру мақсатында арнайы жиын өтіп, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне түсу мүмкіндіктері таныстырылды.
Шараға Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы Бауыржан Шайзан мен ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі бойынша Діни кадр даярлау бөлімінің жауапты маманы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым қатысып, жамағатқа кең ауқымды ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында университетке қабылдау тәртібі мен шарттарын, діни білім алудың маңызы мен қоғамдағы рөлін, имамдық қызметтің жауапкершілігі мен артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру