«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті 1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесіне орай бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады.
Мешіт бас имамы Руслан Байзақовтың бастауымен және мешіт ұжымының қолдауымен Әйел-қыздар секторы сырқаты бар бүлдіршіндерге арналған арнайы бағдарлама ұйымдастырды.
Аталған шараны мешіттің ұстазы Ерасыл Жайыров Құран аяттары және хадис-шарифтермен бастап берді. Шараға Астана қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» бағытының жауапты маманы Нұрбол Оразбай қонақ болып қатысып, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған 30 ата-ананы азық-түлік қоржынымен қуантты.
Сондай-ақ, аниматорлардың көмегімен әртүрлі көңілді ойындар ойнатылып, барша қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды. Келген ата-аналар мешіт ұжымына осындай есте қалар мереке үшін зор алғыстарын білдірді.
Дереккөз: Sunna.kz ағартушылық порталы