«КӨКТАЛ»МЕШІТІНДЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН ХАТЫМ БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

31 мамыр 2025 375 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Қайғылы жылдарда жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына арналып Құран хатым дұғасы жасалды.

Мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысқан рухани іс-шара – тарихымыздың ең ауыр кезеңдерінде қаза тапқан халқымыздың ардақты азаматтарына тағзым етудің белгісі ретінде өткізілді. Өткен бабаларымыздың рухына Алладан жарылқау тілеп, еліміздің амандығы мен бірлігі үшін тілек білдірілді.

Айта кетейік, бұл шара – жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен республиканың барлық өңіріндегі мешіттерде аталып өтеді. Мақсат – өткенді ұмытпай, ел басына түскен зұлмат жылдарды еске алу, сол кезеңнің құрбандарын рухани тұрғыда ұлықтау.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру