«КӨКТАЛ» МЕШІТІ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ДӘРІС КЕШТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРЫП КЕЛЕДІ (ФОТО)

29 мамыр 2025 383 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Көктал» мешіті көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған игі жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, мешіт ұжымы зағип жандарға арнайы діни дәрістер өткізіп, оларға рухани қолдау көрсетуді жолға қойған.

Мешіт қызметкерлері екі аптада бір рет Астана қаласының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасына келіп Құран аяттары мен хадистер, ақида және фиқһ мәселелері бойынша дәрістер оқиды. Сабақ Брайль жүйесі бойынша жүргізіледі.

Бұл шараның басты мақсаты – зағип жандардың діни білімге деген қолжетімділігін арттырып, оларды қоғам өміріне белсенді араластыру. Сонымен қатар, дәрістерден кейін шай үстінде рухани сұхбаттар мен ынтымақтастықты арттыратын кездесулер өткізіліп тұрады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру