«ИМАНИ ЖАЗ – 2025»: ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА «БАЛА-ТОЛАҒАЙ» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ (ФОТО)
18 маусым 2025
151
0
Оқу режимі
.jpg)
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері арасында «Бала-Толағай» айдарымен ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтті.
Балалар үшін қызықты өткен бұл іс-шараны әлемдік рекорд иегері, спортшы әрі ел аралап өнер көрсетіп жүрген Темір Сыпатай жүргізіп, қатысушыларға шабыт сыйлады. Ол балаларға табандылық пен қайсарлықтың маңызын түсіндірді.
Сайыс барысында жас шәкірттер асық ату, серке көтеру, ләңгі тебу, қап құшақтап жүгіру секілді дәстүрлі спорт түрлерінен өзара бақ сынады. Шара соңында үздік қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру