«ИМАНИ ЖАЗ-2025»: ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА АРҚАН ТАРТЫС САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

16 маусым 2025 184 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2025» жазғы сауат ашу курсының шәкірттері үшін кезекті қызықты әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті. Күн сайын Құран сабағы мен діни ілімдерден тәлім алып жүрген шәкірттер бұл жолы күш пен бірлікті қажет ететін арқан тарту сайысына қатысып, ерекше әсер алды.

Имамдар мен ұстаздардың жетекшілігімен ұйымдастырылған бұл сайыс балалардың белсенділігін арттырып, спортқа деген қызығушылығын оятты. Шәкірттер топтарға бөлініп, бірлік пен ұйымшылдықты таныта отырып, өзара жарысты.

Арқан тарту – тек дене күшін ғана емес, бірлесіп әрекет ету, жеңіске бірге жету секілді қасиеттерді де бойға сіңіретін ұлттық ойын. Балалар ойын барысында үлкен ынтамен қатысып, әділ жарыс рухында күш сынасты. Жеңімпаз топтар марапатталып, қалған қатысушылар да алғысқа бөленді.

Жазғы сауат ашу курсының мақсаты – шәкірттерге діни біліммен қатар, мейірім, достық, ұйымшылдық сияқты ізгі қасиеттерді дарыту.  

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру