ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ (ФОТО)

12 сәуір 2025 465 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде сенбілік іс-шарасы өтті. 

Іс-шара барысында мешіт аулалары тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Мешіт қызметкерлері мен жамағат тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның көркеюіне атсалысты. Сенбілікке қатысушылар аула ішін қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктеді. 

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар»[ Тирмизи] – деп біздерге Алла Тағаланың жақсы көретін құлдарының қатарынан көрінгіміз келсе қоршаған ортамыздың тазалығына мән беруіміз керек екенін білдіреді.

Сонымен қатар, біздерді Алланың қарғысына ұшырап қалмауға шақырып: «Абайлаңыздар, қарғыс атқандардың қатарынан болып қалмаңыздар. Олар – ел жүретін жолға, ел көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен, көлдің жағасына дәрет сындырып ластайтындар», - дейді.

Атам қазақ ұрпақтарына «Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бар» – деген мақалмен, үйдің айналсында нәжістің жұғыны да болмау керектігін  үйреткен.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру