ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Елорданың дін қызметкерлері Астана қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өткен «Жүсіп Баласағұн – түркі әлемінің ұлы ойшылы» атты ғылыми дөңгелек үстелге қатысты.
Халықаралық Түркі академиясының және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарихшы-шығыстанушы ғалымдары, археология, этнография, фольклортанушы зерттеуші мамандар және Ақжан әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің оқушылары қатысқан жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Әбдісаттарұлы спикерлер мінберінен сөз сөйлеп, Жүсіп Баласағұн бабамыздың мол мұрасын және дін мен дәстүр құндылықтарын сөз етті.
Сондай-ақ, ғылыми дөңгелек үстел барысында Жүсіп Баласағұнның түркі әлемінің ұлы ойшылы ретінде тарихта алатын орны және оның «Құтты білік» дастанының этикалық-дидактикалық көркемдігі және көне түркі жазбаларындағы маснави түрінде берілген мәтіндік ерекшелігі, басқа да тың дереккөздерді аудару және ғылыми айналымға енгізу жұмыстары талқыланды. Жиын соңында барлық қатысушылар естелікке суретке түсті.
Суреттеррді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!