«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫ ОҚЫП ТАНЫСТЫ (ФОТО)

22 сәуір 2025 170 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жарық көретін «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінде жарияланған мақалалармен оқып танысты.

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіп аталмыш басылымдардағы өзекті тақырыптарды саралап, қоғамға бағыт беретін, рухани тәрбиеге үндейтін мақалаларға назар аударды.

Айта кетсек, діни басқарманың төл басылымдары рухани танымдық бағытта өзекті тақырыптарды қаузап, оқырманды мазмұнды мақалалармен сусындатып келеді.

«Иман» журналы — ай сайын жарық көретін, терең мазмұнды, танымдық басылым. Журнал беттерінде ислам дінінің негіздері, ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер мен діни сұрақтарға жауаптар жарияланады. Әрбір саны оқырманды рухани байытуға, парасатты ой қалыптастыруға бағытталған.

«Мұнара» газеті болса, айына екі рет шығатын ресми газет. Онда еліміздің әр түкпіріндегі мешіттердің тыныс-тіршілігі, діни басқарма жұмыстары, имамдардың бастамалары мен насихаттық мақалалар, халықаралық діни жаңалықтар және қоғамдағы діни ахуал сарапталады. Газет – мешіт жамағаты мен дін қызметкерлерінің арасындағы байланысты нығайтып, діни-ағартушылық миссияны орындап келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру