«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ ШӘКІРТТЕРІНЕ БАЛМҰЗДАҚ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)
16 маусым 2025
159
0
Оқу режимі
.jpg)
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз-2025» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне балмұздақ таратылды.
Іс-шара балалардың жазғы күндері көңілді әрі есте қаларлықтай өтуіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. Балалардың көкейіне қуаныш пен шаттық орнап, жүздеріне күлкі үйірілді. Жазғы лагерь күндерінде дәстүрлі түрде осындай игі бастамалар мешіт тарапынан жиі өткізіліп тұрады.
Айта кетейік, «Имани жаз» курсы шәкірттерге Құран әліппесін үйретіп қана қоймай, олардың жан-жақты рухани дамуына, тәрбиесіне және ұлтжанды, мейірімді тұлға болып қалыптасуына бағытталған.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру