«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА «MUFTYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

29 мамыр 2025 405 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа «MUFTYAT» баспасынан жарық көрген кітаптар таныстырылды.

Атап айтқанда, оқырман назарына ұсынылған еңбектер қатарында «Дін мен дәстүр» үшінші томы, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» және «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты еңбектер бар.

Іс-шара барысында мешіттің наиб имамы Әбдулахад Сманов жамағатқа кітаптардың мазмұнын таныстырып, олардың тәрбиелік, тарихи және рухани маңыздылығына кеңінен тоқталды. Бұл еңбектер халқымыздың діни болмысы мен салт-дәстүрін сабақтастыра түсінуге сеп болатынын айтып өтті.

Жиынға қатысқан жамағат тарапынан кітаптарға ерекше қызығушылық танытылып, мазмұны жайлы түрлі сұрақтар қойылды. Өз кезегінде мешіт ұжымы кітаптарды кеңінен насихаттап, әрбір мұсылманның рухани дамуына үлес қосатынын жеткізді.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен «MUFTYAT» баспасынан көптеген рухани танымдық бағыттағы діни әдебиеттер жарық көріп келеді. Бұл еңбектер ата дініміз бен дәстүріміздің рухани құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру