«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ТҮЛЕК-2025» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

18 мамыр 2025 675 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани түлек-2025» іс-шарасы өтті. Бір жыл бойы Құраннан дәріс алып келген әйел шәкірттер толықтай курсты аяқтап, оларға естелік сертификаттары мен Құран Кәрім кітабы табыс етілді.

Іс-шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұт Қасым, қари Мұсабек Еркінбек және Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекет бастаған елордалық әйел ұстаздар мен шәкірттер қауымы қатысты. 

Әуелі «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Мұсабек Еркінбек Құран аяттарын оқып, игі шараның шымылдығы ашылды. Ұстаздар қауымы шәкірттерді құттықтап, алдағы білім сапарында сәттілік тіледі. Артынша сертификат табыстау рәсімі өтіп, мешіт ұстаздары шәкірттерге Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. Сондай-ақ білім алуда танытқан ыждаһаттылығы үшін алғыстарын айтып, ақ батасын берді. Кеш соңынан барлық шәкірттер мен ұстаздар қауымы естелікке фотосуретке түсті.

 Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру