АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ АНАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

19 сәуір 2025 449 0
Оқу режимі

Аты аңызға айналған боксшы, Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы ат басын бұрды. Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіп сыйлы қонақты күтіп алып, құрмет көрсетті.

Алдымен қазақтың маңдайалды перзентінің рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Сырлыкүл апамыз ұлы жайлы естеліктерін айтып, жүрекжарды әңгімелерімен бөлісті. Кездесу соңы ақ дастарханмен жалғасып, қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қонаққа сый-құрмет көрсетті.

Бекзат Саттарханов – қазақтың атын әлемге танытқан даңқты былғары қолғап шебері. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарында 57 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль иеленген. Бұл жеңісі арқылы ол тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада чемпионы атанған ең жас боксшы ретінде ел есінде қалды. Өкінішке қарай, Бекзат Саттарханов арада небәрі үш ай өткенде, 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол апатынан қапыда қаза тапты. Оның есімі спорт тарихында ғана емес, ел жүрегінде де өшпес із қалдырды.

Пікірлер Кіру