АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

19 сәуір 2025 317 0
Оқу режимі

Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Бекзат Саттарханов атындағы жаңа спорт кешенінде футзалдан финалдық ойын өтті.

Партия мүшелері мен депутаттар, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері қатысқан кубоктың марапаттау салтанатында Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы сөз сөйлеп, өзінің құттықтауы мен жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, аламанға қазақ ұлтының маңдайалды перзенті, олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова арнайы келіп, барша қатысушыға ақ батасын берді. Аталмыш спорт кешенін тұрғызып, турнирді ұйымдастырған «Beles» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Махат Төреәліге шынайы ризашылығын білдірді.

Айта кетсек, бұл жарыс «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылды. Екі күнге созылған жарысқа бас-аяғы 16 команда қатысты. Олар партия ұйымдарына мүше құрылысшылар, механиктер, медицина қызметкерлері, жүргізушілер, тазалық саласының өкілдері сынды түрлі мамандық иелерінен құралған.

Пікірлер Кіру