АСТАНА МЕШІТТЕРІНДЕ РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

28 ақпан 2025 825 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде қасиетті Рамазан айының қарсаңында кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт аулалары, құлшылық үйлерінің ішкі бөліктері және жамағатқа арналған залдар толықтай тазартылып, ретке келтірілді.

Мешіт қызметкерлері мен еріктілер жұмыла кіріскен бұл тазалық жұмыстары – мұсылман қауымы үшін ерекше маңызы бар Рамазан айын қарсы алуға дайындықтың бір бөлігі. Осылайша, жамағаттың құлшылығын таза әрі жайлы ортада өтеуі үшін барлық жағдай жасалды.

Тазалық жұмыстары барысында мешіт ішіндегі кілемдер шаңнан арылтылып, жуылып, дезинфекция жасалды. Қабырғалар сүртіліп, жарық шамдары ауыстырылды. Сондай-ақ, дәретханалар мен жуыну орындары да толықтай тазартылып, жамағатқа ыңғайлы болуы үшін қосымша қажеттіліктер қарастырылды.

Астана қаласы өкілдігі бұл шараны жыл сайын ұйымдастырып келеді және мешіт жамағатын тазалықты сақтауға шақырады. Қасиетті Рамазан айы – рухани тазалық пен жан-дүниені тазартып, ізгі амалдар жасауға шақыратын уақыт болғандықтан, бұл тазалық жұмыстарының маңызы зор.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру