«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ «МҰСЫЛМАННЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

18 сәуір 2025 261 0
Оқу режимі

Бүгін қасиетті жұма күні «Әс-Сәлам» мешітінде наиб имам Жүніс Түгелұлы жұма намазынан кейін өткен пәтуа сағатында жамағатқа 2015 жылы 19 ақпанда Астана қаласында өткен Имамдар форумында қабылданған «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжатын таныстырды.

Аталмыш құжатта көрсетілген мұсылманның мінез-құлқы, рухани дүниесі, қоғаммен қарым-қатынасы туралы маңызды тұжырымдарға тоқталып, жамағатқа үлгі болатын ойларымен бөлісті. Басқосу жамағаттың ынта-ықыласын оятып, мазмұнды сұрақ-жауаппен жалғасты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру