«AQ MESHIT» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

30 мамыр 2025 432 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітіне жаңа наиб имам қызметіне Салимбеков Омар Сайфудинұлы тағайындалды. Бұл тағайындау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығына сәйкес жүзеге асты.

Жұма намазына жиналған жамағат алдында Бас мүфтидің бұйрығын «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Дарханұлы оқып, жаңа діни қызметкерді көпшілікке таныстырды.

Мешіт жамағаты Омар Сайфудинұлын ықыласпен қарсы алып, ізгі тілектерін жеткізді. Жиналған қауым ел мен дін мүддесі жолындағы қызметіне табыс тіледі. Ардагер ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт жұмысы мен рухани тәрбие бағытындағы істеріне береке тіледі.

Салимбеков Омар Сайфудинұлы — дін саласында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Ол түрлі діни білім ордаларында тәлім алып, еліміздің бірнеше өңірінде имамдық қызмет атқарған. Жастармен жұмыс істеу, діни сауат ашу және рухани құндылықтарды насихаттау бағытында белсенді қызмет атқарған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру