«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНДЕ ҰЖЫМДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

02 маусым 2025 451 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының басшылығымен дін қызметкерлерінің ұжымдық жиыны өтті.

Жаңа тағайындалған бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешіт ұжымымен танысып, діни қызметкерлермен жүздесті. Жиын барысында мешіттің ішкі тәртіптері мен ұйымдастырушылық жұмыстары пысықталып, алдағы атқарылар міндеттер нақтыланды.

Кездесу барысында бас имам ұжыммен бірге қасиетті Құрбан айт мейрамына дайындық барысын да жан-жақты талқылады. Ұлы мерекені жоғары деңгейде өткізу мақсатында атқарылатын шаралар мен жоспарлар жүйелі түрде бекітілді. Жамағат игілігі үшін жасалатын жұмыстар бірлік пен ынтымақ аясында өрбитінін жеткізген Алтынбек Ұтысханұлы, ортақ мүдде жолында жұмыла қызмет етуге шақырды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру