«ӘЛ-ФӘТТАХ»: ЖАМАҒАТҚА ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ РУХАНИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

22 сәуір 2025 147 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әл-Фәттах» мешітінде жамағатқа «Жеті рухани қазық» кітапшасы таратылды.

Мешіттің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев жамағатқа тұғырнамада көрсетілген құндылықтардың мазмұнын түсіндіріп, олардың қоғамдағы, отбасындағы, жеке өмірдегі маңызын атап өтті. Атап айтқанда, имандылық, білімге ұмтылу, отансүйгіштік, тәртіп пен әділет, еңбекқорлық, бірлік пен келісім, отбасын қадірлеу сияқты ұғымдар кеңінен қозғалды.

Ислам  этикасы  –  көркем  мінез-құлық  нормалары  мен имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік,  әділдік  сынды  көптеген  рухани  құндылықтардан тұрады.

Бүгінгі қоғамның мұсылмандары ислам этикасын, ондағы адами құндылықтарды ұстана білуі қажет. Осындай тәлімі мол тұғырнамалар арқылы қоғамдағы тұрақтылық сақталып, рухани кемелдену жүзеге асады. Қазіргі қоғамымыздағы  діни  ахуал  жағдайында  ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, имани құндылықтарды дамытудың маңызы зор.

Пікірлер Кіру