
Рақымқазы Қабдысалым
1993 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. Үйленген, 4 перзенттің әкесі.
Білімі:
2012-2015 ж.ж. Астана медресе-колледжінде білім алған;
2019-2020 ж.ж. Астана қаласындағы техникалық колледжде білім алған;
2020-2023 ж.ж. Сәкен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқыған.
Еңбек жолы:
2015-2017 ж.ж. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қорғалжын ауданы, Жәнтеке ауылының бас имамы;
2017-2023 ж.ж. Астанадағы «Әс-Сәлам» мешітінің ұстазы;
2023-2024 ж.ж. Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы;
2024 жылдан бастап Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұстаздық қызмет атқарып келеді.
Қосымша:
2018 жылы деструкивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру бойынша акедемиялық курсты аяқтады;
ҚМДБ Діни оңалту бөлімі мен «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы Діни Экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының ұйымдастыруымен өткен «Діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері» курсына қатысты;
Қазақ тілінен бөлек (ана тілі), араб (еркін), көне Шағатай, парсы тілдерін меңгерген.