ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: БАБАБАЛАР РУХЫНА ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жеңістің 80 жылдығына орай рухани шара өтті.
Іс-шара барысында Отан үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың рухына Құран бағышталып, олардың ерлік істері жамағатқа кеңінен баяндалды.
Рухани басқосудың басты мақсаты – отанды, туған жерді сүюдің маңызын жастардың санасына сіңіру, Отан қорғаудағы ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігін үлгі ету және бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
Іс-шара барысында мешіттің наиб имамдары мен Жастар секторының өкілдері сөз сөйлеп, сұрапыл соғыстың ауыртпалығын, сол жылдардағы мұсылман жауынгерлердің ерлігі мен рухын атап өтті. Сонымен қатар, жиналған жамағатқа жеңістің артында қаншама қайсарлық пен көз жасы жатқанын еске салды.
Жиын соңында барлық шейіт болған ардагерлердің рухына арнап Құран хатым бағышталып, дұға жасалды. Жамағат шарадан рухани әсер алып, осындай тәрбиелік мәні жоғары кездесулердің жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын білдірді.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі