«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ»: ЖАМАҒАТҚА ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

23 ақпан 2025 919 0
Оқу режимі

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Ырыскелді қажы» мешітінің Әйел-қыздар секторы мен Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жамағатқа семинар өтті.

Отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесі тақырыбын арқау еткен мешіт қызметкерлері жиналған қауымға үгіт-насихат жүргізіп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуы үшін қандай қағидаларды ұстану қажеттігін атап өтті.

Семинар барысында отбасы құндылықтарының Исламдағы маңызы кеңінен түсіндіріліп, ер мен әйелдің өзара сыйластығы, балаға мейірім мен дұрыс тәрбие беру жолдары айтылды.

Дін қызметкерлері ата-ананың жеке үлгі көрсетуі, балаға мейірімділік таныту, тәрбиеде даналық пен сабырлық таныту секілді қағидалардың маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында алда келе жатқан қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабы таратылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру