РАМАЗАНДА ЖАМАҒАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

11 сәуір 2025 483 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа қызмет көрсеткен белсенді шәкірттер тобы марапатталды.

Сауапқа толы айда тарауық намазында тәртіпті қадағалап, ауызашар ұйымдастыруға көмектескен, мешіт аумағында тазалық пен тәртіпке үлес қосқан жас шәкірттерге мешіт ұжымы атынан алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Марапаттау рәсімінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов пен ұстаз Шалқар Жолды шәкірттерге жүрекжарды алғысын білдіріп, жас буынды дін мен руханият жолында белсенді болуға шақырды.

Шара соңында шәкірттер де өз әсерлерімен бөлісіп, осындай игі істердің қатарынан табылғандарына шүкіршілік етті.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру