ҚМДБ АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ ЕЛОРДАДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ (ФОТО)
26 сәуір 2025
148
0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігі елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді.
Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіп бастаған елорда имамдары мен мешіт жамағаты қаланың әртүрлі аумақтарында, атап айтсақ, мешіт аулаларында, саябақтар мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштар мен көгалдарды ретке келтірді.
Астана қаласы өкілдігі ұйымдастырған бұл сенбілік тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған уағыз-насихат жұмыстарымен де ерекшеленеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді» дей отырып, қоршаған ортаны ластамауға, керісінше оны көркейтуге шақырған.
Пікірлер
Кіру