ЕЛОРДА ЗИРАТТАРЫНДА «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы мен Астана қаласы өкілдігі бірлесе отырып, «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тәмсілі аясында мұсылман зираттарында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық акциясына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қалдыбекұлы, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіп және елорданың дін қызметкерлері мен жамағат қатысты. Сенбілік барысында зираттар қоқыстардан түгелдей тазартылып, ретке келтірілді.
Алла Тағала Құрандағы «Исра» сүресінің, 70-аятында: «Расында Адам баласын ардақтадық» деп, адамды тірі күнінде де, дүние салғаннан соң да құрметтеуге бұйырған. Асыл дініміз дүниеден қайтқан адамды соңғы сапарына жуындырып, арулап ақ матаға орап, хош иіс сеуіп, жаназасын оқып, құрметпен Жер ана қойнауына тапсырады және одан кейін де дүниеден өткен адамның ары мен абыройын құрметтеуге үндейді. Қайтыс болған адамның есеп-қисап болатын қияметке дейінгі уақытша мекені болған қабірлерді таза ұстау – баршамыз үшін қайырлы іс саналады.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!