«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ИМАМДАРЫ ЖОО СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Санаңды сақта – жат ағым мен лудоманиядан аулақ бол» тақырыбында студенттермен кездесу кеші болып өтті.
Жиынға әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Жамбыл Тілепов, Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты «Qamqor-Astana» ҚҚ-ның ақпараттық-түсіндіру тобының лекторы, дінтанушы Қуатов Арулан, «Әзірет Сұлтан» мешітінің дін қызметкерлері Ерсайын Қабылқанұлы мен Махмұд Қасым және қатысты.
Жиын барысында лудомания – құмар ойындарға тәуелділік дерті туралы жан-жақты ақпарат беріп, оның рухани және әлеуметтік зияндарына тоқталды. Студенттер лудоманияның белгілері, себептері мен салдары туралы мағлұмат алып, өздерін бұл індеттен қалай сақтау қажет екені жөнінде кеңес алды. Сондай-ақ, дін қызметкерлері құмар ойындардың тек материалдық емес, адам болмысына төнетін рухани зияны туралы нақты мысалдар келтірді. Жиын соңында белсенді студенттер марапатталып, арнайы сый-сияпаттар берілді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі