«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

23 маусым 2025 143 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде 22 маусым - II дүниежүзілік соғыстың бастау алған күніне орай соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап Құран бағышталды.

«Атамның аманаты» қоғамдық ұйымының бастамасымен жүзеге асқан шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Атамның аманаты» ҚБ Басқарма төрағасының орынбасары Әбубәкір Әбдірейұлы, «ҚР Ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің бірінші орынбасары Озғанбаев Өмірзақ қажы және мешіт ақсақалдары мен жамағаты қатысты. Алдымен ел үшін соғысқан батырлардың ерлік істері мен соғыстың адамзатқа әкелген зор нәубеті жайлы айтылып, ақсақалдар жер бетінде бейбіт заман болуын тіледі.

Жиын соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, оның сауабы соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арналып, дұға-тілектер жасалды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру