АСТАНА ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ӨКІЛДІКТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігі мен Маңғыстау облысы өкілдігі арасында әріптестік байланысты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында арнайы жиын өтті.
Кездесу барысында Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Ануар Ізімбайұлы бастаған Маңғыстау өңірінің дін қызметкерлеріне «Әзірет Сұлтан» мешітінің тыныс-тіршілігін көрсетіп, арнайы өткен дөңгелек үстелде өкілдіктің жұмыстарымен таныстырды.
Сондай-ақ, діни қызметтің тиімділігін арттыру, жамағатпен жұмысты күшейту, қайырымдылық және рухани-ағарту бағытындағы мәселелер сөз болды.
Кездесу соңында Астана қаласы өкілдігі Маңғыстау облысы өкілдігіне өзара әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хат табыстады. Маңғыстау облысының бас имамы Ануар Ізімбайұлы да өз кезегінде Астана өкілдігіне өз ризашылығын білдіріп, игі бастамалар жалғасын табуына ниет білдірді.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі