АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

26 сәуір 2025 189 0
Оқу режимі

Астана қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Бейбітшілік және келісім саябағына ағаш екті. Аталмыш іс-шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіп арнайы қатысты.

Сондай-ақ, сенбілікке басқа да діни бірлестіктер өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігінің мамандары қатысты. «Таза Қазақстан» акциясына 200-ден астам адам атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенат Төрағасы саябақтағы орталық инсталляцияда жүріп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Демалыс орны биыл Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында ашылады.

Пікірлер Кіру