АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен өткен «Еңбек пен алғыс: қоғам дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Шараны Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» мен «1-Наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: елордамыздағы конфессияаралық келісімді нығайту, халық бірлігін сақтау, қоғамдағы дәстүр институтын нығайту және қазақстандық қоғам құндылықтарын дәріптеу.
Отырыстың ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлы мен ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы алғы сөз сөйлеп, мерекеге жиналғандарға алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, Астана қаласының бас имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы, Астаналық шіркеулер округының архимандриті Сергий (Карамышев Сергей Леонидович), «Агапе» Елуіншілер шіркеуі Цай Игорь Борисович бұл күннің еліміздің барлық діндері, барлық конфессиялары үшін қаншалықты маңызды екендігі айтылып өтті.
Негізгі баяндамалардан соң Ашық микрофон форматында талқылау өтті. Қатысушылардың барлығы осындай іс-шаралардың ерекше құндылығын атап өтіп, өткізілген дөңгелек үстелге ризашылығын білдірді. Іс-шара соңында қатысушылар естелікке фотосуретке түсті.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі