АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

20 мамыр 2025 489 0
Оқу режимі

Астана медресе колледжінің болашақ түлектері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне түсу мүмкіндіктерімен танысты. Рухани білімге ынталандыру және кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кездесуге арнайы қонақтар шақырылды.

Шараға Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы Бауыржан Шайзан мен ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі бойынша Діни кадр даярлау бөлімінің жауапты маманы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым қатысып, студенттерге кең ауқымды ақпарат ұсынды.

Кездесу барысында университетке қабылдау тәртібі мен шарттарын, діни білім алудың маңызы мен қоғамдағы рөлін, имамдық қызметтің жауапкершілігі мен артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.

Жастар үшін пайдалы әрі бағыт-бағдар берер мазмұнды кездесу студенттердің рухани білімге деген қызығушылығын арттырып, алдағы жоспарларын айқындай түсті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру