АСТАНА ИМАМДАРЫНА АҢ АУЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ШАРИҒИ ҮКІМДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен елорда имамдарына Ғұламалар кеңесінде бекітілген шариғи үкімдер таныстырылды.
Жиында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы «Исламдағы аңшылық үкімі» тақырыбында шариғат бекіткен пәтуаларды түсіндірді.
Атап сайтсақ, аң аулауға қатысты аят, аулау құралы болуға жарамды жануарлар, аң қай жағдайларда арам болады деген сұрақтар төңірегінде баяндады.
Тамирлан Дарханұлы бұл үкімдердің негізінде мұсылман қауымының адал ризық табуы мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау секілді үлкен мақсаттар жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, бұл үкімдерді жамағат арасында дұрыс жеткізудің маңыздылығын баса айтты.