«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫНА TAWAF TRAVEL КОМПАНИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

18 сәуір 2025 330 0
Оқу режимі

«Әс-Сәлам» мешітінде жамағатқа қажылық туралы арнайы дәріс өткізілді. Мешіт бас имамы Дастан Зияшұлы қажылықтың негізгі шарттары мен рәсімдері жайлы мәлімет беріп, қажылыққа қатысты көптеген сұрақтарға да жауап берді. Атап айтқанда, қажылыққа кімдер бара алатыны, қажылықтың мәні мен маңызы, оның әрбір сатысының ерекшеліктері және қажылық үшін дайындықты қалай дұрыс жүргізу керектігі сөз болды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қажылыққа барып келу үшін көптеген фирмалар мен туроператорлар қызмет көрсететіні белгілі. Бірақ, осындай сапарға аттанар алдында азаматтар алаяқтардан сақтануы керек. Қажылықты ұйымдастырушы компаниялар туралы ақпараттар беріліп, қажылық сапарынан бұрын маңызды құжаттар мен шарттарды тексеру керектігі айтылды. Бұл – қажылыққа барар алдында қаражаттың дұрыс жұмсалуына және сапардың қауіпсіз өтуіне көмектеседі.

Сондай-ақ, Tawaf Travel қажылық компаниясы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бұл компания көптеген қажылық сапарларын ұйымдастыруда танымал және өзінің сапалы қызметімен ерекшеленеді. Tawaf Travel компаниясы қажылыққа барамын деген азаматтарға барлық қажетті көмек көрсетеді, соның ішінде сапардың барлық кезеңдерін ұйымдастыру, тұрақтаудың жайлылығы, діни рәсімдерді дұрыс орындау үшін кеңестер беру және т.б.

Қажылық – мұсылман қауымының ең қасиетті міндеттерінің бірі, сондықтан бұл сапарды ұйымдастыру және оған бару үшін дұрыс әрі сенімді компанияларды таңдау өте маңызды.

 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру