«АР-РАХМАН» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ар-Рахман» мешітіне наиб имам тағайындалды.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов жұма намазына жиналған жамағатқа Бас мүфти бұйрығын оқып беріп, жаңа қызметіне кірісіп жатқан Ерденбек Жанұзақұлын таныстырды.
Ихсанов Ерденбек Жанұзақұлы
Білімі:
2008-2011 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Орал» медресесін «Исламтанушы» мамандығы бойынша бітірген;
2014-2018 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық» университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген;
2018-2020 ж.ж. аралығында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін «Дінтану» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2023-2025 ж.ж. аралығында аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Махамбет Өтемісұлы» атындағы педагогикалық университетіннің «Тарих» мамандығы бойынша магистранты.
Біліктілігі:
2017 жылы Астана қаласы «Әлжан ана» мешітінде имамдардың білітілігін арттыруға арналған 45 «Зияткер имам» курсын тәмамдаған.
Қызмет өтілі:
2011-2015 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудандық мешітінде бас имам қызметін атқарған;
2015-2018 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау аудандық мешітінде бас имам қызметін атқарған;
2018-2023 ж.ж. аралығында аралығында Батыс Қазақстан облысы, облыстық орталық мешгітінің наиб имамы және Орал қаласы, Круглозерный кенті «Айту ата» мешітінде бас имам қызметін атқарған;
2023-2025 ж.ж. аралығында Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі аудандық мешітінде бас имам қызметін атқарған;
2025 жылдың 24 қаңтарынан бастап Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келген.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі