«ӘР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)
17 сәуір 2025
243
0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Әр-Рахман» мешітінде мұқтаж жандарға қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша өкілі Нұрбол Оразбай және «Әр-Рахман» мешітінің имамы Жандос Атембаев қатысты.
Елордалық аз қамтылған отбасыларға 1 айға жететін азық-түлік қоржындары үлестіріліп, дін қызметкерлері рухани демеу көрсетті. Көмек алушы тұрғындар да жақсы тілектерін айтып, жалғасын тауып келе жатқан сауапты іске алғысын білдірді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру