«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әлжан ана» мешітіне Алтынбек Ұтысханұлы имам болып тағайындалды.
Бұл тағайындау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығына сәйкес жүзеге асты. Жұма намазына жиналған жамағат алдында Бас мүфтидің бұйрығын «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханұлы оқып, жамағатты Алтынбек Ұтысханұлының еңбек жолымен таныстырып өтті.
Жамағат жаңа имамды ілтипатпен қарсы алып, қызметіне сәттілік тіледі. Ел мен дін жолындағы еңбегіне береке тілеп, игі тілектерін арнады. Құрметті ақсақалдар ақ баталарын беріп, мешіттің рухани және ағартушылық бағыттағы жұмыстарына толайым табыс тіледі.
Алтынбек Ұтысханұлы
18.09.1980 жылы дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қына елді мекенінде орта мектепті бітірген.
1993-1996 жылдар аралығында Ақмола облысы, Сілеті ауданындағы мешіттің жанынан ашылған медреседе діни сауат ашу курсында дәріс алған.
2001-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005-2009 жылдар аралығында Мысыр мемлекетіндегі «Араб тілі орталығында» және «Мағһад али лиддирасатил исламииә» деп аталатын оқу орнында магистрлік бойынша дәріс алған.
2013 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік дессертация қорғаған.
Еңбек жолы:
1996-2001 жылдар аралығында Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Искра елді мекеніндегі мешітте имамдық қызмет атқарған.
2003-2004 ж.ж. Алматы қаласындағы Халифа Алтай діни орталығында ұстаз.
2009-2011 ж.ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің маманы болып жұмыс істеген.
2011-2012 жылдар аралығында Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2013-2016 ж.ж. Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2016-2019 ж.ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, РАНТ және ЖАНТ, әйел-қыздар секторы, жастар секторы, хикмет телестудиясының меңгерушісі қызметін атқарып келді.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау облысы бойынша және Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.
Жеке шығармашылы:
5 діни кітаптың авторы:
1. «Имам әліппесі»,
2. «Қажылық және ұмра»,
3. «Күнделікті діни сауалдарға жауап»,
4. «Жастар шамшырағы»,
5. «Ислам жарастыра ма? Таластыра ма?».
Екі діни кітапшаның авторы: «Әрбір мұсылман білуге тиісті 100 сұрақ-жауап», «Мұхаммед Алланың елшісі»;
Діни тақырыптағы мақалалары Республикалық газет журналдарда жарық көрген.
Отбасылы, перзенттері бар.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі