«ӘЛ-ФӘТТАҺ» МЕШІТІНІҢ ЖАСТАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ (ФОТО)

17 сәуір 2025 234 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Фәттаһ» мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара барысында мешіт жастары мешіт ауласын және айналасын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған игі бастама арқылы жастар елдегі экологиялық мәдениетті дамытуға өз үлестерін қосты.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек.

Біз Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек – бұл өмір салтына айналуы тиіс. Бүкіл Қазақстан таза болуы керек, бұл бізге және жастарға байланысты.», деп атап өткен болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру