ЖІГІТТІҢ ҮШ ЖҰРТЫ БАР

"Жұрт" деген бір ғана отбасы емес, туған-туыстары.
Қазақ "жұртты"- бір ошар ел деп айтады.
Ал, "Ошар" деген ел деген ұғымды білдіреді.
1. Өз жұрты. Өзінің ата-анасы, бауырлары, арғы аталарынан қосылатын ағайын жұрты.
2. Нағашы жұрты. Анасының төркіндері.
3. Қайын жұрты. Әйелінің туыстары "қайын жұрт" болып саналады.
Қазақта: "Жігіттің үш жұрты бар" деп бекер айтылмаған.
Қайын жұрт- берсең жағасын, бермесең жақпайтын міншіл.
Нағашы жұрт- жақсылығыңа қуанатын, тілеуін тілейтін, қамқоршы.
Өз жұрты- бар болсаң көре алмайтын, жоқ болсаң бере алмайтын күншіл.
"Жарамды жігіт жұртына олжа салар, жарамсыз жігіт жұртына қауға салар" деп жігіттің еліне құрметпен қарауына көп көңіл бөлген. Қазақта әулетте бай адам болса, ағайын-туысына көмектесуге міндетті болған. Ол өз елінің жоғын жоқтап, үйленбегенің үйлендіріп, алдыңа мал салып берген. Малшыларға дейін аш қалмасын деген.
Өз жұртында алаяқ, жемқор болса, туыстары:" Барынан жоғы"- деп теріс айналған.
Үлкендер ұлына: "Қайын жұртыңды да қадір тұт, бірақ "жаман күйеу қайыншыл" дегізбе деп ескерту жасаған.
Қайын атасы мен қайын енесін қадір тұтқан. Жігіт үшін қайын аға мен қайын бикенің дәрежесі жоғары болған.
Ал, жігіт әйелінің інісі (қайын іні) мен кіші қыздар (балдыз), олар үшін жігіт жезде болғанда, олар емін-еркін сөзбен ойнауға ерік берген.
Жездесі ойынды көтеруге тиісті. Әйелі өлсе, сіңілісіне үйленген.
ӘЙЕЛДЕ "ҚАЙЫН ЖҰРТ" БОЛМАЙДЫ. "ҚАЙЫН ЖҰРТ" ЕР АДАМДАРДА ҒАНА БОЛАДЫ
Әйелде үш жұрт бар.
1. Өз жұрты- келген жері, күйеуінің елі.
2.Төркін жұрты (өзінің өскен ортасы, әкесі жағынан).
3. Нағашы жұрты- (анасы жағынан).
"Қыз бала- жат жұрттық", қыз қонақ деп, оң жақта отырған қызға ерекше құрмет көрсеткен, төрге отырғызған. Қызды құтты орнына ұзатып "өз жұртын" тапты деп қуанған. Күйеуге шыққан қызды төркіні әкетіп жерлемейді. Өз жұрты жерлейді.
Келін болып босаға аттаған жерде немере сүйіп "Әже' атанады.
Тұрмыс құрған қыздан елің сұрағанда, барған жерің айтқан, өз төркінің айтса ол әдепсіздік болып табылған.
Ал, ажырасқан әйел "өз жұртым" деп төркінің айтқан.
Кейін екінші рет тұрмыс құрса, күйеуінің жұрты, өз жұртына айналған. Күйеуінің әкесі- қайын ата емес- ата, қайын енесі қайын ене емес, -ене деп атаған.
Келген жерде күйеуінің ағасын- қайын аға, әпкесін- қайын бике, кешісін қайын немесе қайын сіңілі болып есептеледі. Бірақ, барлығына ат қойған.
Күйеу мен келін төрге шықпайды.Төрге шығу әдепсіздік болып есептелген. Қазақта күйеу бала бата бермейді, ас үстінде бәкісін шығармайды. Қазақ туған жеңгесімен, туған нағашысымен әзілдеспейді.
Қазақта осы үш жұрттан басқа "Тай жұрты"- ұлы нағашы жұрты және "Алаштың азаматы"- (Қазақтың жігіті деген ұғым ) жұрты бар деп те айтады. Біздің білетін осы үш жұртымыз бар.
Қайырлы таң Қазағым!
Үш жұртымыз да түгелдей аман болсын деп тілейік!
Райхан МАТАЕВА