ЖАЛА

28 сәуір 2025 111 0
Оқу режимі

Құранда жала (әсіресе ар-намысқа жала жабу, зинамен айыптау) үлкен күнәлардың бірі ретінде аталады және нақты дәлел келтірмесе міндетті жауапкершілікке тартылу керектігі көрсетілген. Осылайша Құранда жаланың жазасы белгіленген. Жаланың Құранда көрсетілген жазасы – 80 дүре соғу және одан кейін жала жабушының куәгерлігін әсте қабыл етпеу, яғни сенімсіз адам ретінде есепке алу. Сондай-ақ аяттың соңында олар пасық ретінде аталған. Нұр сүресі, 4-аят.

Міне, бұл жала жабуға міндетті түрде құқықтық шара қолдану керектігін білдіреді.

Жалаға қатысты аталмыш сүренің келесі аятында: «Егер тәубе етіп, одан кейін түзету жасаса, ол басқаша екені, Алланың оның қателігін кешіретіні» айтылған. Нұр сүресі, 5-аят.

Жала – ақ адамды қара, кінәсіз адамды қылмысты болдыру және адам абыройын төгу, құқығын таптау, ақысын жеу әрекеті. Сондықтан қандай бір адамға қатысты ақпараттың ақ-қарасын ажыратпастан, істің мән-жайы анықталмастан іліп алып, оны тарату да жала жабу саналады. Міне, жала айта салу, жаба салу, тарата салу жеңіл болғанымен, жауапкершілігі, күнәсі ауыр іс.

 

Жоламан БҰЛАН

Пікірлер Кіру