ТӘККӘППАР БОЛМАҢЫЗ...

Тәкаппарлыққа байлығының, тегінің, мансабының, дене бітімінің, көркінің, күш-қуатының көптігмен, ақыл-ойының артықшылығына, білімінің көптігіне мақтанып, астамсыну сияқты менмендік қасиеттер жатады.
Ғалымдар: Егерде жасы үлкен кісі, өзін мен жасым үлкенмін деп, басқаларды өзінен кіші депте өзін жоғары санау болса, олда тәкаппарлық деген, мысалға оның жасы кіші, неге менімен Мама келіп амандаспайды деу.
Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Уа, адамдар! Сендердің барлығың да Адам атаның ұрпақтарысыңдар! Ал Адам топырақтан жаратылды.
Ата-бабаларымен мақтанатындар ондай қылықтарынан тыйылсын, болмаса олар Алланың алдында қи қоңыздарынан да төмен дәрежеге душар болады». Баззар риуаят еткен хадис
Тәкаппарлықтың биік шыңы, өзіңді өзгеден биік санау. Өзгеге жоғарыдан, көкіректі керіп сөйлеу.
Адамды менсінбеу, адам құрлы көрмеу, кекетіп, мұқатып кемшілігін бетіне басып, сөзбен жанды жерін шымшып отыру, қысқасы, өзіңді зор, өзгені қор көріп істейтін іс-әрекеттің бәрі - тәкаппарлық болып саналады. Тәкаппарлық- қуыс кеудеден пайда болады. Тәкаппарлық - бұл жаман қасиет!
Адам дүниеге келгенде тәкаппар болып туылмайды. Адам туылғанда таза, пәк күйінде болады.
Тәкаппарлық- адам баласына жолдан жабысатын мінез. Бір-екі белестерді бағындырған кезде, бір жұмыстарың өрге домалаған кезде, жолың ашылып, армандаған армандарыңа, алға қойған жоспар, мақсаттарыңа жеткен кезде, бір кісілерде тәкаппарлық мінез пайда болады.
Бәріне өзім жеттім, өз қолымды өз ауызыма өзім жеткіздім деп, көкірегін ұра бастайды. Негізінде олай емес екенін, Алланың берген бағы, сыйы, несібесі екенін ұмыт қалдырады.
Пенде болған соң, адам өзгеріп отырады. Бір көңіл күйге, бір эмоцияға, бір жағымды сәттерге байланысты адам өзгеріп отыруы заңдылық. Десек те, тәкаппар болып өзгеруден аулақ болғанымыз жөн.
Өйткені, тәкаппар болғаның - Алланы ұмытқаның! Менменсіген жүректен иман кетеді. Тәкаппарлық жайлы сөз қозғағанда, Абай атамыздың сөзі ойға оралады.
Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Менімен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі-ол баяғы.
Мақсат СҚАҚОВ