ТӘКӘППАР ДҮНИЕ-АЙ

Тақырыпқа шығарған кейісімді қысқа қайырайыншы. Бокс деген жекпе-жек спортының өз ережесі бар, күрес деген спорттың да өз ережесі бар, футбол, баскетбол, волейбол ойындарының да өз ережесі бар. Қандай бір спорт алаңына аяқ бастың ба, сол ойынның ережесімен әрекет етесің. Біріне-бірін араластыра алмайсың.
Жалпы, тіршіліктегі қайсыбір сала болмасын оның қалыптасқан теориялық-методологиялық негіздері болады. Осы тақылеттес мұсылмандардың да тағдыр турасында орныққан ақида ережесі бар. Оған басқа "ережелерді" араластыра алмаймыз.
Алайда араластыратындар бар, олар "МЕН ИСЛАММЕН ЖҮРМЕЙМІН" дейтіндер. Немесе өзінің өресі муқалид деңгейінде екенін сезінбестен, мужтахидтің һәм мутакәллимнің ісіне ауыз салатын сарыауыз (ғылымның исі мұрнына бармайтын) балапандар бірді-бірге ұрып, ел ішін алатайдай бүлдіріп жатады. Артынан көмекке "ананы" шақырып, "мынаны" шақырып, әжік-күжік әңгіме айтып, ақталып әлек болады.
Ал, қауашағында шәйнам миы бар адам жаза басқанын түсініп, жалма-жан жаңылғанын мойындап, тәубеге келер еді. Тәкәппар дүние-ай десеңші...