СОҚЫРЛАР ЕЛІНДЕ

09 сәуір 2025 420 0
Оқу режимі

Шартарапты аралап саяхаттауды ұнататын жалғыз көзді адам болған екен. Ол сан қилы ел жерді тауды, шөлді аралап жүріп сыртқы көрінісі біртүрлі, оғаштау көрінісі бар бір елді мекенге тап болады.

Ол ауылдың адамдары да біртүрлі басқаша екенін ауылға кіргенде түсінеді. Өйткені бұл – тек көзі көрмейтін соқырлар ауылы екен.

Қысқасы, әйелдер, ерлер, балалар барлығының көздері қатты жұмулы еді.

Қаңғып жүрген әлгі жалғыз көзді адам “Ең болмағанда бір көзім бар”-деп ойлады да “Соқырлар елінде көзі шадыр патша болады”-деген бар, егер мен мұнда тұрақтасам бұлардан артық өмір сүремін деп осында тұруды шешті.

Соқырлардың көзі жоқ болғандықтан қолы, құлағы, мұрындары өте сезімтал болатын.

Өздері үшін белгіленген тәртіппен өмір сүретін оларға араласқан әлгі адам біраз абдырап қалды. Әуелі олардың әңгімесі де мүлде басқаша болды.

Бір күні соқырлардың бірі біреуінің мүлкін ұрлап алады.

Оны бір көзді адам ғана көрді де ұрының кім екенін айқайлап айтып берді.

Соқырлар болса; Сен оның ұрлағанын қайдан білесің, алыстан естіисің бе?- деп сенбеді.

“Мен тек естімедім, көрдім”, - деді ол. -Менің көзім бар

Соқырлар көзді де, көруді де білмейді, тіпті түсіне алмайды.

-Көру деген не, деді олар. Сонымен, сіз қалай көресіз естілмейтін қашықтықтан не болып жатқанын біле аласыз ба?

Мен білемін,- деді әлгі адам.

-Сенбейміз, сені сынаймыз, деді соқырлар ауылы тұрғындары.

Олар адамды алып, алыс жерге отырғызды.

Олар өз тәжірибесінен оның алыстағыны біле алатынына сенімді болу үшін ұзаққа барып барып әр түрлі әрекет жасап, біз қазір не істеп жатырмыз?- деп сұрады.

Әлгі адам отырасыңдар, тұрдыңдар, сіз су ішіп жатырсыз, сен тамақ жеп жатырсың, бәлен мынаны істеді, түген ананы істеді деген сияқты айтып жатты.

Сосын соқырлар бір үйге кіріп алып енді не істеп жатырмыз- деп айқайлады.

Сендер үйдің ішіне кіріп кеттіңдер мен енді көреалмай қалдым - деді әлгі адам.

Соқырлар болса - Қарашы, енді сен білмейсің... бізді алдадың, сенде бізден жасырған бір сыр бар немесе жүйкеңде ауытқушылық бар біз сізді дәрігерге тексертеміз;- деп ұстап алып ең мықты дәрігерлеріне апарады.

Әрине ол жердені дәрігердің де көзі көрмейді. Көру дегенді білмейді.

Ол қолдарымен сипалап отырып адамның ашық көзін меңзеп “Таптым” деді, мәселе міне...

Мына артық нәрседен болып мына адам ақымақ, қайдағыны айтады- дейді.

Ауыл басшылары: біз мына адамның басындағы анау артық нәрсені алып тастап түзетуіміз керек- деген шешімге келеді.

Соқырлар елінде патша болғысы келетін саяхатшы өзін олардан зорға құтқарса керекті...

Сөздің мәні:

Сіз сияқты ойламайтын, түйініңізді түсінетін түйсігі жоқ адамдарға ашуланбаңыз. Олардың қоғамда не болып жатқанын сезінбейтініне қапаланбаңыз.

Әрбір болмыстың белгілі бір энергетикалық деңгейі бар және әрбір болмыс тек осы деңгейге сәйкес келетін ақпаратқа жете алады. Әрбір нысан ғаламдағы өзінің деңгейіне сәйкес келетін ақпаратты ғана қабылдайдыда өресі жетпейтінін ести де, көре де, сезе де алмайды.

Сондықтан «олардың көздері бар, олар көрмейді; Олардың құлақтары бар, естімейді”. Олар жүректеріндегі мөр ашылмайынша, нақты ақихатты біле алмайды».

КӨРГЕНДІКТІ САНАСЫ СОҚЫРЛАР ДА ТҮСІНБЕЙДІ. ОЛАРҒА ҰНАУ ҮШІН ОЛАРҒА ҰҚСАУ КЕРЕК.

 

Ағылшын тілінен тәржүмаланды

Тілек ҚАЙЫРДЫНҰЛЫ

Пікірлер Кіру