ҚАЗАҚ БОЛСАҢ, ҚАЗАҚ БОЛЫП ӨМІР СҮР!

Кім болсаң да, қайда жүрсең де, не істесең де - Ұлтыңды ұятқа қалдырмайтын, Ұлтыңның Рухын көтеріп, мерейін өсіретін нәрсе істе! Бос күлкіге, бос мақтанға, бос уақыт өткізуге орын берме! Сен Қазақтың баласысың ғой!
Аруақты ата-бабаң саған барлығын аманатқа қалдырды! Барлығын! Алтайдан Нарынға дейін созылып жатқан айпара жерді! Бүкіл байлықты! Ана Тіліңді! Дала Діліңді! Ата Дініңді! Өйткені, саған сенді!
Сен Алаштың Ар-Ұятысың! Ұлттың Ар-Намысысың! Ар-Иманысың! Сен басқа емес, ең алдымен Қазақсың! Осыны ешқашан, еш жерде ұмытпа! Бір сәтте де есіңнен шығарма! Қазақ екенің - Ғажап екенің! Сен Қазаққа керексің! Қазақ саған керек!
Қазақ баласы бостан-бос жүрмейді, бостан-бос күлмейді. Қазақ баласы қашанда Ұлтына керек болып, Адам қалпымен өмір сүреді!
Иә, сен бұл жарық дүниеге тірлік ету үшін емес, Өмір сүру үшін келдің! Сен басқа болма! Басқаларға еліктеме! Басқа бола алмайсың! Басқа болып опа таппайсың! Басқаға ұқсап, бақытты болмайсың! Барлығы өзіңде бар! Қазақ болсаң, Қазақ болып өмір сүр!