ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНАН «АШЫҚ ҚОҒАМ» ҰСТАНЫМЫН ТҰТЫНДЫ

23 маусым 2025 106 0
Оқу режимі

Қазақ жаңалыққа жаны қас емес, керісінше, еліктегіш, жаңаның дәмін татып көргіш, батыл халық. Кезінде Мирча Элиде, Жан Пол Ру сияқты Батыстық зерттеушілер қазақты жан-жақты сипаттап жазып кеткен. Мына кеңістік қазақтың имманентті әрі трансцентті халық екендігін көрсетеді. Барлық өркениет пен мәдениеттердің көпірі болып келе жатқан халық қалай бүгін жаңалыққа жаны қас бола қалыпты. Қалайша қазақ халқы, ішіне тығылып, бүрініп өмір сүріпті.

Қазақ болмысынан «ашық қоғам» ұстанымын тұтынды. Бүгін қазақтың қазіргі хәлі керісінше метатрадиционализмді басынан өткеріп жатыр. Керек десеңіз өз тілін де менсінбейтін хәлге түсті. Осы ма қазақтың жаңалыққа жаны қастығы. Керісінше бүгін қазаққа орта жолды табудың, мемлекеттілік және қоғамдық тетіктерін таппаса, болашағын елестетудің өзі қиын.

Бала кезімізде ересектер "кім қораз" деп төбелестіруші еді. Біраз қызықтап болған соң ажыратып жіберетін. Әркезде төбелескің келмесе де, "мекиен" болғымыз келмей, жалған намыстан қораз болуға тырысатынбыз. Бүгін Франциядағы Хз Мұхаммед пайғамбарымыздың туылған айындағы мұсылмандардың намысына тиісу акциясын да өзімше "кім қораз" таласымен өлшегем. Себебі құбылыстың сипаттары толығымен ұқсайды. Төбелестіруші күш бар. Намысқа тиюші бар. Оған жауап беруші "қораз" да бар. Бұдан да бүгінгі өркениеттік деңгейге қарамастан, адамзаттың сана деңгейі өзгеріссіз қалып отыр. Бірақ ажыратушы жоқ болып тұр.

Себебі "төбелестушілер" бұл екі жақтың татуласуын қаламайды. Керісінше жарнамалап, көріктей түседі. Сосын талас "жалған намыс" тақырыбы емес. Муминнің ішкі руханиятының негізі болған Хз. Мұхаммед тұлғасына деген карикатура. Бұл кез келген муминнің ашу ызасын туғызатын жайт. Осы арқылы дінаралық араздық отын тұтатқысы келеді. Өздері жаққан отқа "төбелестіргіштер" муминдердің себеп болғандығын мына әлемге көрсеткісі келеді.

Саяси сахнаға екі жақты Христиандар мен Мұсылмандарды актер қылып қойған. Диалектикалық ақиқатты паш ету мақсатында роль ойналады. Мына сынақ әлемінде Алланың құдіретін осы дүниеде паш еткісі келетін "құдіреттің иесі" болуға таластың метафизикалық және физикалық құрылымдары мен теориялары жан жақты қамтылған сахна. Үшінші Будда әлемі бұл жарысқа қатыспайды. Себебі олардың кітабы ортақ емес. Бұған тек "ахли кітаптар" кіреді. Олар «қай жеңгенің менікі» деп алыстан үрейленіп қарап отырады.

Ал мұсылмандар қай жақтан болса да өспей қалды. Жыл сайын мұсылмандардың саналық өсу деңгейін тексеру үшін "төбелестіргіштер" осындай скетч ұйымдастырады. Бірақ әрдайым муминдер "балалықтарын" паш етіп, режиссерлардың мақсатына жеткендігін дәлелдеп келеді. Қашанға дейін осылай жалғаса береді?

 Негізі бұл сұраққа тек мұсылмандар ғана жауап бере алады. Құранға қайта оралу шарт. Суннаны қайта ұғыну керек. Ислам тарихына, діни тәжірибесіне қайта үңілу қажет. Тарихын зерттемеген, танымаған қауым осылай өзгеге жем болғаны болған. Құранға қайта оралу дегеніміз бүгінгі фундаментализм немесе "нақылшылық емес". Сондай ақ, Құранды "Кодекске" айналдыру емес. Құранды "Қасаң қағидалар жинағы ретінде" жаттау да емес. Құранды оқу да емес". Құранға оралу муминнің өзіне оралуды талап етеді.

Сосын Алланың Каламының түсу тарихы мен адамның санасындағы исламның негіздерінің қалыптасу тарихын ең басты модель ретінде тануға оралуды талап етеді. Алла адамға жаратылысында басқалардан қалай жоғары тұратындығын еске алу арқылы. Сонда адам өзіне өзі деген құрметі оянады. Ал өзін өзі қадірлемеген мумин кез келген махлұқтың келемежі мен мазағына қалуы заңды. Неге?

Себебі ол өзінің қадірін білмейтін, сондықтан да өзін қадірлете алмайтын махлұқ. Бүгінгі мұсылмандардың ахуалы осы, өкінішке орай. Қазақта сөз бар: "Жібекті жүн қылады түте алмаған". Біздің мұсылмандар дін дегенде алдымен Алланы емес, форманы еске алады. Форма намаз. Қалай намаз оқу керек, қай жерді қанша рет жуу керек, сақалды қалай қою керек. Адамның табиғаты алдымен «не» деген сұрақтармен басталып, сосын «қалаймен» сабақтасып жатуы керек еді.

Сондықтан алдымен Алланың дінін не үшін таңдап, иманның шарттарын ұғынып, соған барар құралын сайлауы керек еді. Сырттай қарасаң мұсылмандарды аяйсың. Ал шын мәнінде мұсылмандар сол акцияны ұйымдастырып отырған күшке аяушылығын білдіру керек еді. Алланың еркі осы деп. Жоқ өздерінде ерік жігер болмаған адам ол жерде Алланың еркін қайдан ұқтырсын христиандарға.

Біз шынымен соңғы дін исламға сенетін болсақ, Жүз жиырма төрт мың пайғамбарлардың соңғысы «хатаму анбийаның» тағдыры о бастан нақтыланғандығына иман етсек, мына әлем "Нури Мухаммадпен" жаралған. Тек соны дұрыс тани алмай жатқандығымыздан дұрыс сезіне алмай келеміз.

 

Досай КЕНЖЕТАЙ

Пікірлер Кіру