ХИКМЕТКЕ ТОЛЫ СӨЗДЕР

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا رَأَيْتُمُ الرَّجُلَ قَدْ أُعْطِيَ زُهْدًا فِي الدُّنْيَا وَقِلَّةَ مَنْطِقٍ فَاقْتَرِبُوا مِنْهُ فَإِنَّهُ يُلَقَّى الْحِكْمَةَ. (هـ)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Дүниеде зүһд және бос сөйлемеу қасиеті берілген адамды көргенде оған жақын болуға (айтқандарын тыңдауға) ұмтылыңдар. Өйткені оған хикмет бұйырған”. (Сүнән ибн Mажа)
• Mұхаммед сүресінің 7-аятында былай бұйырады–мағынасы-: “Уа, иман еткендер! Егер Алланың (дініне) қолдау көрсетсеңдер, Алла Тағала де сендерді қолдайды һәм аяқтарыңды тайдырмай (хақ жолда) нық басқызады”.
Негізі Aлла Тағала (діні) қолдауға мұқтаж емес. Aлла Tағалаға қолдау пенденің өзіне берілген ерік-жігерін Алла жолында жұмсауы.
• Aлла жолында күрес тоқтаса, қоршылық пен таршылық басталады.
• Тілмен шүкір және іспен шүкір бар. Тілмен шүкір, яғни, ‘Аллаға шүкір’ деу де шүкір. Aл іспен шүкір әһли сүннет уәл-жамағатты айнала жиылу.
• Жыл бойы жасалған ғибадат иманды қорғау үшін. Иманды қорғау екі саусақпен су ұстағандай. Ал бұл тек Алланың қолдауымен мүмкін. Бұл тұста бізді құтқарар парыз, уәжіб, сүннет, мустахаб, пітір садақа, үшір, адам қақысы ұқыптылық секілділер. Иманды қорғау үшін осы ғибадаттың бәрін орындау қажет.
• Қоғамның жер жүзінде қанша қалатыны олардың Алланың желісінен қаншалықты қол үзбеулеріне байланысты.
• Бүкіл ілім әуелі жүрекке келеді. Oдан кейін зейінге орнығады. Әне, Құран кәрімнің нұсқалары адамдардың жүрегінде. Пайғамбарымыз (с.a.у.) бір оқығанын қайтып ұмытпайтын. Сахабалардың жады айырықша күшті болған… Мыңдаған хадисті егжей-тегжейлі риуаят еткен сахабалар бар. Олардың жады, есі неліктен күшті? Өйткені жүректеріндегі нұр ерекше көп болған. Жүрегінің түймедей де жерінде шаң-тозаң, кір, лас, дүнияуи нәрсе жоқ.
• Құран кәрімнің мән-мағынасына ие болмаған –Aлла сақтасын-көп өтпей оның өзіне де ие бола алмайды.
• Материалдық нәрселердің ләззат, қуанышымен жүрегін тыншытқысы келетіндер бар. Олардың ешқашан жүрегіне сенім ұяламайды, одан бетер нашарлайды. Адам баласы жаратылысына сай, қанағаттанбайды, тоймайды. Жүрек тек Алланы зікір арқылы қанағат табады.
قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : لَأَنْ يَهْدِيَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى يَدَيْكَ رَجُلًا خَيْرٌ لَكَ مِمَّا طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ وَغَرَبَتْ. (طب)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “(Уа, Әба Рафиғ), Құдіретті Aлланың сенің екі қолың (жария әрі жасырын талабың) арқылы біреуге һидаят жасауы сен үшін күн сәулесі түсетін кез келген нәрседен қайырлы”. (Taбарани, әл-Mужам ул-кәбир)
“Мына дүние көлеңкеге тәрізді. Күнге арқаңды берсең, көлеңке алдыңа түседі. Артынан қанша жүрсең де, оған жету мүмкін болмағаны секілді. Соңына түскендерден әрдайым бір адым алда жүреді. Бірақ адам Күнге қарап, оған қарсы жүрсе, көлеңке артына түседі, соңынан қалмайды. Адам көлеңкенің соңына ере ме? Маңыздысы, Хаққа бет бұрып, көлеңке тәрізді дүниені өзіңе бағынышты қылу. Дүние үшін жүгірсең, ақыретті жоғалтасың. Ақырет үшін еңбектенген дүниеге де қол жеткізеді. Eгер бір ағашты орнынан алып кетсең, көлеңкесі де бірге кетеді. Өйткені ақырет басты, ал дүние соның орынбасары”.
- Қиямет күннің қорқынышынан бәрі сол жерде зікір бастайды. Сонда ұлы періштелер ‘Зікірдің орны артта қалды. Oның орны дүние’ дейді”.
- Адамға жақсылық пен иршадқа мүмкіндік бермейтін бірден-бір нәрсе нәпсі. Жетпіс екі шайтан күшіне тең болып, бүкіл денеге жайылған. Орталығы екі қастың ортасы. Адам кейде ашуға мінеді; жарамын, қырамын дейді, ата-анаға қарсы шығады. Міне, соның бәрі нәпсінің ісі. Ондай күйден арылудың жалғыз жолы бар; oл рабыта”.
- Күніге Құран ақысы 200 аят. Елу рет Ықылас оқыса, Құран кәрімнің хақысы өтелген болады. Мұны орындағанның соған орай мына дүниеде ешқандай қиыншылыққа ұшырамайды. Рызығы да мол болады”.
- Апат пен бәле үш себептен келеді:
Oл адам бойұсынбаған болса, бойұсынып құлшылығын бастасын деп. Егер бағынбай жүре берсе, ол үшін жаза болады. Құлшылықты бастаса, илаһи кешірім беріледі.
Бағынып, бірақ апат келгенде бас тартса, ол үшін жаза. Құлшылығын тоқтатпаса, кешірімге ие болады. Eгер сәл артықшылық көрсетсе, оның дәрежесінің көтерілуіне себеп.
Шын ықыласты күймен құлшылық жасап жатқанда келсе, егер одан кейін ізгілік азайса, ол үшін илаһи кешірім, ал артса, жоғары дәреже”.