TӘЖІРИБЕ

16 сәуір 2025 317 0
Оқу режимі

Мына әлемде барлық күй мен қарекеттің шарасы, барысы ақылға қандай мұқтаж болса, ақыл тәжірибеге сондай мұқтаж. Ал тәжірибе ақиқатты іздеуден тұратын материалдық және рухани жетілуге бәрінен артық қызмет етіп, себеп болады. 

Тәжірибеден адамға зиян келмейді және тәжірибеге сенім артпаған кісі өкініштен көз ашпайды. Бірдеңе не біреу жайлы мәлімет алу үшін талай жүгінген нәрселер адамға тәжірибе береді. Әлдекімнің қандай адам екенін көру; кеңесу, бірдеңе жайлы одан ақыл сұрау арқылы мүмкін болмақ. Егер ол ондайда Алланың бұйрығы мен хикметіне қайшы бүлік, кесірлі нәрсеге итермелейтін болса, одан аулақ болған жөн. Ақылды адам тәжірибеден белгілі жаманшылықты “Мүмін бір орға екі рет жығылмайды” деген хадисте айтылғандай, қайталамайды, бір жыланға екі рет шаққызбайды.

Кезінде орын алған түрлі оқиғалар арқылы көз жеткен тәжірибелер талай кітапқа жазылған және дінімізде де тыйым салынған көп нәрсе бар. Oларды менсінбей, бұған қарсы жүру, біле тұра өз басын қатерге тігу деген сөз. Ал бұл жайыз да, лайық та іс емес. Күшке, байлыққа мақтану, ұқыпты болатын жерде асығу, жаулық етуі мүмкін біреумен ортақ іске кірісу, қауіпті екені айтылған жерге бару тәрізді нәрселер осындай тыйым салынған жайлар.

Бұрын тәжірибе қай кезде де нақты өлшем орнына жүретін. Осы өлшем шегінен аспай ұстану қажет. 

 

Пікірлер Кіру