ТАЛАПТЫҢ АЛТЫ “ДОСЫ-НОҚТАСЫ”

ТАЛАПтың “ынсап”, “рахым”, “ар”, “ұят”, “сабыр”, “сақтық” деген алты “досы-ноқтасы” бар. Осы алты құндылық, қасиеттің тізгіні ынсапқа берілген.
ЫНСАПтың қасиеті — әділеттілік.
РАХЫМ — адамдағы аяушылық сезімі, адамға деген тас жүректілік, қаттылықты ойдан аулақ ұстайды.
АР — адамшылық, намыс. Намыс — күншілдік, алысу емес, намыс адамның өз мініне, кемдігіне қорлану, өзін басқалармен салыстырып, құрбымен теңдікке ұмтылу.
ҰЯТ — “өлімнен ұят күшті” орынсыз істен, сөзден, ойдан ұялып, өзіңе-өзі өкіну.
САБЫР — әр іске шыдамдылық. Сабыр түбі — сары алтын. Адамшылдық, ең қажетті — қылық.
САҚТЫҚ әр істі таразылап, жаман-жақсысын байқап, көрген, естігенін есепке алып, өзін-өзі бақылау.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жанның дәрежесі хайуаннан да төмен. Ынсап, рахым, ар, ұят болмаса, өлгені артық. Өйткені, мұндай құндылықсыз, қылықсыз жан қоғамды, елді бұзады.
Досай КЕНЖЕТАЙ