ШИПА

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Жомарттың тамағы – шипа, сараңның тамағы болса – ауру». (Мунауи, Фәйз ул-қадир)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадис шәріпте былай деген: «Алла тағала, күмәнсіз төрт нәрсені (адамдар үшін) шипа қылды. Олар: Қара зере, хажамат, бал және жаңбыр суы».
Әли (к.у.) өзінің ақыл-ойының әлсіз болғандығынан шағымданған біреуге былай деп кеңес берген: «Әйеліннің жанына барған кезде одан өз ризашылығымен мәһірінен екі дирһам беруін сұра. Ол екі дирһаммен біраз сүт пен бал сатып ал. Бұларды азғантай жаңбыр суымен араластырып, оны аш қарында іш. Иншалла ақыл-ойың қуаттанады».
Хасан ибн Фадлдан (р.а.) Әлидің (к.у.) не үшін осындай бір кеңес бергенін сұрағанада былай деп жауап берген: Әлбетте ол, бұны мына аяттардан алған. Мағынасы:
Жанбырдың суын: «Біз аспаннан береке суын жаудырдық...» (Қаф сүресі, 9-аят),
Сүтті: «...Ішкендердің тамағынан дереу өтетін тап-таза сүт ішкіземіз». (Нахл сүресі, 66-аят),
Балды: «Онда адамдар үшін шипа бар». (Нахл сүресі, 69-аят),
Мәһірді де: «Әйелдерге, мәһірді сыйлық ретінде беріңіз. Ал сізге одан бір мөлшерін өз ризашылығымен бағыштайтын болса, оны да рахатша жеңіздер». (Ниса сүресі, 4-аят) аяттардан шығарған.
Берекет, шипа, денсаулық және тез сіңіре алу, осылардың барлығын бір арада қолдану әлбетте пайда береді.
АЗ СӨЙЛЕУ
Көп сөйлеу, достардың арасын бұзады.
Пайдасыз сөйлеген, өз айыбын ашқан болады.
Қатты сөйлегеннен, жақсы көргендері қашады, жек көреді.
Үш нәрсе бәле-жала шақырады: Шынайы емес сөз, қалжын сөз және пайдасыз сөздер.
Көп қалжын күмән әкеледі.
Көп күлу – жеңілтекдік және ұят, жүректі өлтіреді.