РАДИКАЛДЫ АҒЫМДАР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

20 мамыр 2025 459 0
Оқу режимі

Өкінішке орай, أهل الإفراط والتفريط яғни, асыра сілтеушілер мен шектен шығушылар болған деструктивті және радикалды ағымдар үкіметке қарсы көзқарасты ұстанып, зайырлылықты жақтаушыларды адасқан дейді. Тіпті кейбірі шамадан шығып заң орындаушыларды кәпір дейді. Отыз жыл бұрын қабылданған конституцияны, егемендікті сылтау қылып олардың кәпір екеніне дәлел көрсететін.

‎وَمَنْ لَمْ يَحْكُمْ بِمَٓا اَنْزَلَ اللّٰهُ … اِلٰى اٰخِرِ

(Кімде-кім Аллаһтың әмірімен үкім жүргізбесе...(Маида сүресі, 44) аятын олар, айғақ ретінде қолданады. Байғұстар мынаны білмей отыр ғой: (و من لم يحكم) сөзінің мағынасы (من لم يصدق) яғни үкім жүргізбесе дегені мойындамаса деген мағынада айтылғаны. Аят пен хадистің мағынасын дұрыс түсінбей заңнамалық жүйеге қарсы шығатындарға не дейсің! Негізінде олар үкіметке қарсы шығып, наразы болғаны рас, дегенмен олар озбырлықтың көкесін шақырды. Яғни, болмайтын, мүмкін емес нәрсені талап ету өзі-өзіне жамандық жасау дегені.

Бөлшектері күнәһарлардан құралған үкімет, толыққанды бейкүнә бола алмайды. Демек, үкіметтің жақсылығы жамандығынан көп пе, аз ба, соған қарау керек. Әйтпесе әрине ешқандай жамандығы жоқ үкімет болмайтыны баршаға мәлім. Оны талап етудің өзі орынсыз. Мен ондай кісілерді «анархист» дер едім. Өйткені, ондай адамдар – Құдай сақтасын – мың жыл өмір сүріп небір үкіметті көрсе, қиялға беріліп бәрібір риза болмайды. Әлгіндей қиялдың жетегінде жүріп бұзуға деген ниет пайда болады. Сөйтіп әлгіндей суретте көріп бұзуға дайын тұрады.

Олай болса, мұндай кісілердің өздері жаман деп жүрген үкіметтің назарында өздері «анархист», «бүлікшілер» дің тап өзі болады. Өйткені, ұстанған жолдары іріткі салу, елді ыдырату, бүлік шығару.

Исламтанушы, Ph.D докторы Темур Аманқұл

 

Пікірлер Кіру